Жылқы етінің емдік қасиеті

Жылқы етінің емдік қасиеті

Жылқы етінің емдік қасиеті
ашық дереккөзі
Денсаулыққа пайдалы тағамдар ғылыми орталығының басшысы Кэйконың мәліметіне сүйенсек, жылқы етінде Е дәрумені сиыр етіне қарағанда 2,5 есе көп екен. 100 грамм сиыр етінде 19,1 ақуыз болса, жылқы етінде 20,1 грамм ақуыз бар. Адам ағзасын семіздікке бастайтын холестерин жылқы етінде жоқ. Ал 100 грамм сиыр етінде 15 грамм холестерин бар. Соңғы жылдары Жапонияда жылқы еті ағзаға пайдалы өнім ретінде насихатталуда. Тіпті, жылқы малын зерттейтін арнайы орталықтар жұмыс істейді. Қасиетті жылқы малының ерекшелігін жақсы білген, жапондықтар елуден астам тағам түрлерін дайындайды. Жапонияда жылқы етіне деген сұраныстың артуымен қатар одан әзірленетін тағам түрлері күннен күнге көбею үстінде. Жапон елінде ХIХ ғасырдың ортасынан бастап жылқы етін дайындайтын мейрамханалар мен дүкендер ашылып, өз жұмысын бастаған. 1950 жылы қала тұрғындары жылқы етін тұтына бастаған. Жапондар жылқы етін кэтобаши не болмаса сакура нику деп аттап кеткен. Кэтобаши – жылқы мінезіне қарай айтылады. Яғни, асау аттың тебісі деген мағынаны білдіреді. Сакура нику – жылқы етінің құрамындағы минералды заттың көптігіне қарай ерекше қызғыл түс береді. Екінші мағынасы, көктем мезгілінде тай -құлындар тебіскен сәтте сакура гүлдері өседі. Кэйко ханымның айтуынша пісірілген жылқы етінің сиыр етіне қарағанда калориясы төмен болғандықтан көптеген ауруларға ем екен. Мысалы, жүрек қан тамыр аурулары, асқазан, өкпе дертіне шалдыққандарға жылқы еті бірден бір ем. Жылқы еті қандағы холестериннің мөлшерін төмендетіп, улы заттарды жояды.  Е және В дәрумендерінің молдығының арқасында жылқы еті қан айналымын жақсартады. Жылқы етін стресс пен күйзелісті басу үшін пайдалануға болады. Жұмыстан соң қатты шаршаған адам жал-жая жесе, миы тынығып, жүйке жүйесі қайтадан қалпына келеді. Глюкогенге бай жылқы етін жиі пайдаланған адам шаршамайды. Темір мен В12 дәруменіне бай болғандықтан қаны аз адамдарға өте пайдалы. Қазақ елінде жылқы мінсең көлік, жесең тамақ. Қазақ халқында емес, жалпы дамыған Еуропа елдерінде жылқы етінің қасиетін мойындап отыр. Шетелдік дәрігерлер жылқы майының адам организмінде тұнбаға түсбейтінін зерттеген. Жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем. Жылқы етінің қасиеті жүрек қан тамыр ауруларға, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектердің сырқырауына және ішкі ағза дұрыс жұмыс жасауға тигізер пайдасы орасан зор. Ағза жасушалардың жаңартып отыратын, емдік қасиетінің басты қағидасы қартаймауға апаратын жол. Жылқының жүрегі ми қызметін жақсартады. Мидағы жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетін арттырады. Мамандардың кеңесі бойынша сүрленген жылқы етін күнделікті жеу, мидың жақсы жұмыс етуіне көмегін береді. Сүрленген етті қабылдау бүйрек және несеп жолдарына жақсы жұмысын атқарады. Жылқы етінің құрамында минералды заттар мен темірге бай. А1, В2, В12 дәрумендерге бай. Жылқы етінің емдік қасиеті жайылымдағы шөпке байланысты.  

Қызғалдақ Омар

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану және журналистика факультетінің 4-курс студенті