Жаңалықтар

Әсел Мұсабекова: Нобель сыйлығы иегерімен бірге жұмыс істеу – теңдессіз тәжірибе

ашық дереккөзі

Әсел Мұсабекова: Нобель сыйлығы иегерімен бірге жұмыс істеу – теңдессіз тәжірибе

Әсел Мұсабекова – Страсбург молекулалық және жасушалық биология институтының жанындағы зертханада жұмыс істеген вирусолог маман. Ол дәл сол зертханада жаңалық ашып, физиология және медицина саласы бойынша 2011 жылы Нобель сыйлығын алған Жюль Хоффманмен бірге жұмыс істеген. Францияда тұрса да былтырдан бері қазақстандық ата-аналарға тегін кеңес беріп, отандық ғалымдарды таныстыру, қазақ тілінде пайдалы ақпарат тарату мақсатында түрлі жоба жүргізіп жүрген Әселге хабарласып, әңгімелескен едік. Зертханада жұмыс барысында[/caption] – Әлеуметтік желіде медицина ма­мандарымен сұхбат жүргізіп, пайдалы ақ­паратты бөлісіп жүрсіз. Сондай-ақ, жур­налистердің көбісі сарапшы ретінде сіз­ден жиі пікір сұрайды. Оған қоса, ел­де жүргізілген біршама жобаға ат­са­лысып жатқаныңызды байқадық. Бұл қа­жеттілік былтыр басталған панд­е­мия­дан туындады ма, әлде? – Иә. Оған дейін әлеуметтік желіге аса қы­­­­зықпайтынмын. Үшінші баламды боса­нып, үйде декреттік демалыста жүргенде әлеу­­меттік желілерден Қазақстанда коро­на­вирус, вакцина туралы жалған ақпарат тарап жатқанын байқадым. Сондай-ақ, вакцина, вирус, бактерияның не екенін білмейтін адам­дар бар. Сол себепті оларға көмектескім ке­ліп, осы тақырыпта кеңінен жаза баста­дым. Сосын пандемияның бірінші толқыны басталған кезде елдегі білікті мамандар бі­рігіп, Medsupport жобасын бастадық. Ғы­лы­ми мақалалар көбінесе ағылшын тілінде шығады ғой. Ал біздің дәрігерлерге мұны түсіну қиын. Олар онсыз да күні-түні жансақтау бөлімінде жүрген соң, аударып отыруға қолы тимейді. Оның үстіне деректер күн сайын өзгеріп отыра­ды. Сол себепті біз дәрігерлерге қажетті мә­ліметтерді күн сайын орыс және қазақ ті­ліне аударып отырдық. Мұнымен қоса ба­лаларына вакцина салдыртуға қорқып жүр­ген қазақстандық ата-аналарға кеңес беруді қол­ға алдым. Біздің елде қазір балалардың көбі қызылшамен ауырып жатыр, тіпті қайтыс болғандар да бар. Сол себепті вакцина алудың не екенін біл­мейтін ата-аналарға тегін консультация жүр­гізудемін. Бұдан бөлек, қазақстандық ақ­парат құралымен сайтымен бірлесе «Екпе» жобасын жасап жатырмыз. Онда оқырманды алаңдатқан екпе түрлеріне қатысты барлық сұрақтарды егжей-тегжей қарастырып, нақ­ты жауаптар ұсынамыз. Сосын қазір елде ғы­лымның не екенін білмейтіндердің қатары көбейді. Сол себепті қазақстандық ғалым­дарды жұртшылыққа таныстыру мақсатында Gylymfaces жобасын жүргізуді қолға алдық. Мақсатымыз – ғалымның жаңалықты аспан­нан алмай, өз зерттеуіне сүйеніп ашатынын дәлелдеу, белгілі бір жаңалықты шетелдік ға­лымдар емес, қазақстандық ғалымдар аш­қанын көрсету. Ғалымдардың сұхбатын қа­зақ және орыс тілінде жариялап жүрміз. Бұ­дан бөлек, Factcheck.kz сайтымен де тығыз бай­ланыстамын. Қазақстанда вакцина, вирус­қа қатысты шыққан фейк ақпараттарды тал­дап, ғылыми тұрғыда өз кеңесімді ұсы­на­мын. Осы ретте айта кететін жайт, біздің ха­лық мифке сенуге бейім келеді. Мысалы, WhatsApp арқылы «Бізді қырып жатыр! Бізді әдейі улап жатыр! Шындықты бізден жа­сырып жүр!» деген хабарлама келсе бол­ғаны, байбаламға салып, бүкіл елді дүрліктіреді. Халық ақпарат дереккөзін тексермейді. Мы­салы, жуырда әнші Алтынай Жорабаева Instagram-дағы жеке парақшасында екпенің еш пайдасы жоқ екенін жазып, шу көтерді. Арада екі күн өт­кен соң, бізде мынадай кере­мет бір компания осын­дай өнім шығарады екен, осыны вак­цинаның орнына қолданған дұрыс деп жар салды. Ал оның парақшасына үш мил­лион­нан астам адам жазылған, басым бөлігі – ата-ана­лар. Ең өкініштісі сол, ата-аналар ма­мандардан гөрі, ән айтып, жарнама жасап жүр­ген блогер, әншілердің айтқанына иман­дай сенеді. Маған «Орыстың вакци­на­сын сал­дырмаймын» деп жазатындар да бар. Яғни Ресейде шыққанына бола вак­цина сал­дыр­май­мын деу – білместік қой. Әлеуметтік желіде белсенді түрде қазақ тілінде жазуға осын­дай жайттар себеп болды. Жал­пы, қазақ тілін­де ғылым туралы жазу қиын. Бірақ қиын деп отыра бермей, мұны да дамытуымыз қа­жет. Медицинаға түк қа­тысы жоқ адамдар­дың вакцина туралы жазу­ға қалай дәті бара­тынына таңым бар. Бізде осындайда ақыл-кеңесін айтып, білген-түйге­нін белсенді түр­де айтатын, жазатын ғалым­дар аз. – Әдетте ғалымдар көпшіліктің на­за­ры­на іліккенді ұнатпайтын секілді. Еш­кім кедергі келтірмейтін тыныш ортада жұмыс істегенді құп көретін олардың ән­­шілер секілді жарияға жар салғысы жоқ шығар? – Олар көпшіліктің алдында сөйлей білу­ді үйренуі керек. Өздері үйренбесе, оларды еш­кім оқытпайды ғой. Мысалы, докто­ран­турада оқып жүргенде ғылыми комму­ни­ка­ция сабағын оқыдым. Онда профессорлар бізге үнемі бар білгеніңді халыққа айтуға мін­деттісің деп айтатын. Біле білсеңіз, ғы­лыми зерттеу жүргізудің құны қымбат. Жал­пы, ғалымдар өздерінің немен айналысып жат­қанын айтуға міндетті. Өйткені олардың зерт­теуіне бюджет қаражаты жұмсалады, сол се­бепті жобасының өзектілігін айтып, көп­ші­ліктің алдында есеп беруі тиіс. Өкінішке қа­рай, бізде бөлінген қаражатты қалтасына басып жүрген ғалымсымақтар көп. Олардың не­мен айналысып жатқаны да түсініксіз. Бес жыл қатарынан бір жобаны комиссияға ұсы­нып, сол бес жыл бойы ақша алып жүретіндер бар. Дегенмен, өз ісіне берілген ғалымдар да аз емес. [caption id="attachment_145253" align="alignnone" width="1024"] Зертханада тәжірибе жасау сәті[/caption] – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының халықтың 70 пайызы вак­цина алса, індет тоқтауы мүмкін деген болжамына сенесіз бе? – Қазір Қазақстанда вакцина алғандар саны өте аз. Әрине, бізге коллективті им­мунитетті күшейтуді қолға алған дұрыс. Мысалы, Израиль халқының 70 пайызы вак­цина алды, нәтижесінде ешкімнен коро­навирус анықталмаған, ешкім маска тақ­пайды. Қазір вакцина теңсіздігі дегеннің не екенін ұғып жатырмыз. Мысалы Канада үкіметі тұрғындар санынан бес есе көп вак­цина дозасын резервке қойған, ал Үндістанда керісінше вакцина жетіспеушілігінен жағдай ушығып жатыр. Бізде де вакцина жетіспейді. Жалпы, бізге бұл процесті жылдамдату керек. – Сөз арасында «Елге біз секілді ма­ман­дар қажет емес» деп қалдыңыз. Неге олай ойлайсыз? – Елде мамандық бойынша жұмыс істеуге мұр­ша жоқ. Күн энергетикасын зерттеумен айналысатын күйеуім Қазақстанға жұмысқа құ­жаттарын тапсырған. Бірақ, жұмыс та­былмады. Сондықтан оған әзірше осы жерде жұмыс істеген дұрыс. Дейтұрғанмен шетте жүрсек те, біздің де елдің дамуына үлес қос­қы­мыз келеді ғой. Ел ішінде жүріп істеуге мүмкіндік болмаса да, мұны онлайн істей ала­тыныма көз жеткіздім. Қазір ата-аналарға консультация беру, қазақстандық ғалым­дарды таныстыру арқылы елге көп көмегім тиіп жатыр деп айта аламын. [caption id="attachment_145254" align="alignnone" width="1024"]