Марсқа 1 миллион адам көшірілмек

Марсқа 1 миллион адам көшірілмек

Марсқа 1 миллион адам көшірілмек
ашық дереккөзі
Болашақта «SpaceХ» компаниясының басшысы Илон Маск Марсқа 1 миллион адамды жеткізуді жоспарлап отыр. Ол өзінің жоспарлары туралы Мексикада өткен Халықаралық ғарыш федерациясының Марсты игеру жоспарына байланысты 67-ші конгресінде айтты. Масктың ойынша, келешекте Жерде тіршілік жойылады, сондықтан адамдар Марсқа барып өмір сүруі тиіс. Ол 2035 жылға қарай қызыл планетаға 80 күнде ұшып баруға болатын мүмкіндік туады деп есептейді. Марсқа адам аяғы әлі басқан жоқ. Суретке түсіретін зондтар мен шағын аппараттар ғана жіберілді. Сондықтан бір емес, миллион адамды Марска апару мәселесін қоя тұрған абзал дейді сарапшылар. Ал режиссер Ридли Скоттың "Марсианин" фильмі Марста тіршілік етудің болатынын да, болмайтынын да көрсеткен секілді. Олай болса барлығын келешектің еншісіне қалдырайық. «Келешекте Марс планетасында тіршілік пайда болады. Сол себепті оған 1 млн-ға жуық адамды жібермек ойымыз бар. Адамдар Марсқа барып, колония құрады. Бұл олардың өз-өздерін қамтамасыз етуі үшін қажет. Дегенмен, онда өзіндік өркениет қалыптастыру үшін шамамен 40 немесе 100 жылдай уақыт керек», деді Илон Маск. Қазіргі есеп бойынша, Марсқа барып-қайту бір адам үшін 1 млрд долларға бағаланып отыр. Бірақ билет бағасы кейін 100 бен 200 мың долларға дейін төмендейді. Бұл жолаушының өзімен бірге алып ұшатын жүгінің салмағына байланысты. Илон Масктың айтуынша, қазіргі таңда өзі басқаратын компания 100-ге жуық адам, сондай-ақ, 450 тонна жүк алып ұша алатын ғарыш кемесін жасап жатыр. Ғарыш кемесі кемінде 12 рет ұшуға жарамды болады.