Коронавирус: Азаматтығы жоқ тұлғалар екпе салғыза ала ма?

Коронавирус: Азаматтығы жоқ тұлғалар екпе салғыза ала ма?

Коронавирус: Азаматтығы жоқ тұлғалар екпе салғыза ала ма?
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Қазақстан резидентіне жатпайтын тұлғалардың ішінде кімдердің вакцина алуға құқығы бар екенін айтты. «Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдардың ішінде тек аккредиттелген тұлғалар вакцина ала алады. Яғни, дипломатиялық корпус қызметкерлері ғана. Қалған резидент емес тұлғалар туралы мәселе ведомтвоаралық комиссияда қаралды. Резидент еместердің жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, екпе төлқұжатын жасау қиын. Мәселе шешіліп жатыр. Жуық арада нақты шешім шығады деп ойлаймын», – деді басқарма басшысы.