Елімізде тағы бір университет құрылады

29 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Елімізде тағы бір университет құрылады ҚХА-ның онлайн-сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жаңа университет құрылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа университет Алматыда салынуы мүмкін.
«Зияткерлік мектептер барлық аймақтарда құрылды. Ал шыңы - Астанадағы университет. Алғаш рет университетке менің есімімді бергенін құптадым. Өйткені оның беделді болғанын қаладым. Ол қазір беделді, әлемге танылған оқу орны. Енді біз тағы бір жасанды интеллект университетін салғымыз келеді, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.