Алматыда ретро көліктер музейі ашылады

Алматыда ретро көліктер музейі ашылады

Алматыда ретро көліктер музейі ашылады
ашық дереккөзі
Алматыдағы қараусыз қалған кинотеатрлардың бірі ретро көліктер мұражайына айналмақ, - деп хабарлайды inAlmaty.kz. Порталдың хабарлауынша, әңгіме әйгілі "Шугла" балалар кинотеатры туралы болып отыр. Жеке инвестор кинотеатр ғимаратын 2019 жылы сатып алған. Енді ол мұнда тек мұражай ғана емес, сонымен қатар балаларға арналған балмұздақ кафесін, сондай-ақ кинотеатрды да қайта жандандыруға ниетті. "2000 жылдардың басына дейін кинотеатр "Отау Синема" желісіне кірген. Содан кейін ол қараусыз қалды және 2001 жылдан бастап жекеменшікте. Содан бері бес қожайын ауысты. Соңғы иеленуші компания қазір ғимаратты қайта құру үшін техникалық шарттарға құжаттар тапсырды. Олар үлкен ретроавтомобильдер мұражайын ашуды, сонымен қатар кинотеатрдың өзін сақтап, балалар балмұздақ кафесін ашуды жоспарлап отыр.
Ғимарат иесінің өзі осы кинотеатрдың жанында өсіп, бала кезінен ондағы балмұздақ кафесіне барған. Ол соның барлыған қалпына келтіріп, ретро стильдегі заманауи кинотеатр түрінде жабдықтағысы келеді", - деп хабарлады Түрксіб ауданы әкімдігінің қызметкері Алматы Қоғамдық кеңесінің отырысында.