Тағы бір судья пара алды деген күдікке ілінді

Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен Алматы бойынша ҰҚК департаменті Медеу аудандық сотының судьясына қатысты бірлескен тексеру жүргізді. Бұл туралы kt.kz хабарлады.

ҰҚКД ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бас прокурор сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға келісім берді, – деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Судья мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға жәрдем көрсетуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктенеді. Тінту кезінде судьядан үлкен сомадағы ақша табылып, тәркіленді.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылы пара алғаны үшін сотталған шенеуніктердің санын атаған болатын.

Back to top button