Норвегияда QazVac вакцинасының ерекшелігі туралы айтылуда

Норвегиялық Steigan.no ақпараттық-талдау порталы Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасы туралы мақала жариялады.

Онда QazVac вакцинасын жасау және тестілеу кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндалды, сондай-ақ вакцинаның ерекшелігі туралы айтылды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бұл жаңалықта кем дегенде бірнеше маңызды жайттар бар. Ең қызығы, Қазақстан өзінің вакцинасын әзірледі. Бұл бағытта бірнеше ел жұмыс істеп жатыр, Қазақстанда да осыған қабілетті зерттеу ортасы бар екені байқалды. Біздің ойымызша, ең қызығы, бұл вакцина оқшауланған және реттелген нақты COVID-19 вирусы негізінде жасалған. Ал фармацевтикалық алпауыттар жасаған ең танымал вакциналар нақты вирусты оқшаулау негізінде емес, компьютерлік модельдер негізінде жасалады», – деп жазды Steigan.no.

Басылым QazVac вакцинасы тәжірибелік элементтері жоқ дәстүрлі вакцина деп тұжырымдайды.

«Тағы бір маңызды ақпарат – вакцина сақтау кезінде экстремалды температураны қажет етпейді, тоңазытқыштағы қалыпты температура жеткілікті. Бұл оны көптеген адамдар үшін, соның ішінде кедей елдер үшін қолайлы етеді», – деп қорытындылады Steigan.no.

Сонымен қатар, АҚШ-тың fortune басылымы да қазақстандық вакцинаның ерекшелігі туралы жазды.

Back to top button