Жаңалықтар

Елбасы Үкімет пен ауқаттылар жағдайы төмен отбасыларға көмектесуі керегін айтты

ашық дереккөзі

Елбасы Үкімет пен ауқаттылар жағдайы төмен отбасыларға көмектесуі керегін айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет ауқатты қазақстандықтармен бірігіп дағдарыс кезінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды. Елбасы коронавирус пандемиясы кезінде Nur Otan партиясының "Біз біргеміз" акциясы халықты біріктірудің символына, гуманизм мен қазақстандық қайырымдылық салтанатына айналғанын атап өтті. - Қазір пандемия дағдарысынан шығу жолында шағын және орта бизнеске қатысты проблемалар сезілетін болады. Аз қамтылған, көп балалы отбасылар бар. Мүмкіндігінше Үкіметпен, Nur Otan партиясымен, Ассамблеямен, ауқатты адамдармен бірге біздің азаматтарымызға көмек көрсетуге дайындалу керек, — деді Елбасы ҚХА сессиясында.