Атырау облысында әйел өзінің 4 айлық баласын пышақтап өлтірген

Атырау облысында әйел өзінің 4 айлық баласын пышақтап өлтірген

Атырау облысында әйел өзінің 4 айлық баласын пышақтап өлтірген
ашық дереккөзі
Атырау облысында төрт айлық баланы анасы пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы. Полиция мәліметінше, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны 26 сәуірде баласын қатты жылағаны үшін өлтіргенін мойындаған. Ол сәбиге ас үй пышағын бірнеше рет сұққаны хабарланды.
"Аталған факт бойынша 99-баптың 2-бөлігі 3-тармағына (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру) сәйкес соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталды", - деді Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.