Елбасы: 2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асады

Елбасы: 2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асады

Елбасы: 2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асады
ашық дереккөзі
2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның ХХІХ сессиясында айтты.
– 1993 жылы, ортақ шаңырағымыз – Кеңес одағы ыдыраған кезде адамдар не істерін, қайда барарын білмей қалды. Елімізге келгендердің біразы кету туралы шешім қабылдады, «қаламыз» дегендері де болды. Біз кедергі болмадық, таңдау еркіндігін бердік. Қазақстаннан үш миллионға жуық адам кетті. Сол уақытта халқымыздың саны 14 млн-ға қысқарды. Ал бүгінде 19 млн-ға жақындадық. 2025 жылы 20 млн-ға жетуіміз керек деп тапсырма қойғанмын. Бұл көрсеткішке жетеміз деп ойлаймын, – деді Елбасы.