Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы болды

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы болды

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы болды
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХА-ның Құрметті Төрағасы болуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 «Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болу туралы ортақ ұсынысымызды қабыл алуыңызды өтінеміз. Бұл мәртебе шын мәнінде халықтың және мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізге байланысты Сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайды деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қастерлі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Ассамблея халықтың талап-тілектерін орындауға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән беруі міндет екендігін баса айтты.
«Баршамызға ортақ жұмыстың басты бағдары дәл осындай болуға тиіс. Біз бәріміз бірлік пен ынтымақтың арқасында жасампаз ұлт болып алдымызда тұрған тарихи мақсаттарға қол жеткіземіз», - деді ҚР Президенті.
Осы ретте ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеямен тығыз жұмыс істей беретінін атап өтті.