Жаңалықтар

Қызылорда облысында жоғалған бала екі тәуліктен бері табылмай жатыр

ашық дереккөзі

Қызылорда облысында жоғалған бала екі тәуліктен бері табылмай жатыр

Қызылордада 6 жасар бала екі тәуліктен бері  іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24". Бала түнгі сағат 10-да серуендеуге шығып, қайтып оралмаған. Баланың ата-анасы алдымен өздері іздеген. Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермегендіктен олар 9 сағаттан кейін олар полицияға жүгінген. Қазір мамандар көпқабатты үйлердің шатырларын, жертөлелер мен люктерді, саяжай алаптарындағы қараусыз қалған үйлерді, салынып бітпеген ғимараттарды тексеріп жатыр. Сырдария өзенінің жағалауында да іздеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындардан, таныстардан, көршілерден – баланың қайда екенін білетіндердің барлығынан сауалнама жүргізіліп жатыр. "Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы полиция департаментінің, қалалық полиция басқармасының, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Халыққа іздеу жұмыстары туралы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланды, - дейді , Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы Нұрлан Әділов.