Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығынан кететінін мәлімдеді

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығынан кететінін мәлімдеді

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығынан кететінін мәлімдеді
ашық дереккөзі
"Мен Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруді шештім", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы 2019 жылғы 19 наурызда Президенттік өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы жариялағанын еске салды.
"Мен басшылықтың ауысуы және жаңа адамдардың келуі, жаңа міндеттер болуы керек деп сендім. Билік сабақтастығының бұл мәселесі 2019 жылы конституциялық жолмен шешілді. Өмір бұл қадамның дұрыстығын растады. Мен осы жылдар бойы менімен жұмыс істеген, жақсы білетін адамды таңдадым. Бүгінде бұл таңдаудың дұрыс болғаны расталады", - деп жалғастырды Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы жария етті. 1995 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие болды. 2007 жылғы мамырда ҚХА-ға конституциялық мәртебе берілді, ассамблея Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығын алды. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы бар.