Алматыда жеті көшенің атауы өзгертіледі

Алматыда Наурызбай ауданындағы бес шағынауданда жеті көшенің атауын белгілі мемлекет қайраткерлерінің құрметіне өзгерту ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кrisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Таужолы шағынауданындағы Щедрость көшесін саяси қайраткер Капитолина Крюкованың есімімен атау ұсынылды.

Наурызбай ауданы бойынша Қалқаман-2 шағынауданындағы 5-көшені – Сергей Дьяченко, 7-көшені – Валерий Хрищатый есімімен атау, ал Проектируемая көшесіне композитор Базарбай Жұманиязов есімін беру ұсынылды.

Тастыбұлақ ықшам ауданындағы Айболит-2 көшесін Медеу шатқалындағы селден қорғайтын бөгеттің құрылысын басқарған ғалым, инженер Алексей Хегайдың есімімен атау ұсынылды.

Ажар шағынауданында Карьерная көшесінің орнына Қилыбай Медеубеков көшесі пайда болуы мүмкін.

Наурыз шағынауданындағы Интернациональная көшесін мемлекет қайраткері Саламат Мұқашевтің құрметіне өзгерту ұсынылды.

Алматы әкімдігі мен мәслихатының бұл қаулысын 12 мамырға дейін «Ашық НҚА» сайтында талқылауға болады.

Back to top button