Жаңалықтар

Белгісіз ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 18 адам жарақат алды

ашық дереккөзі

Белгісіз ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 18 адам жарақат алды

Қытайда белгісіз ер адам Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы балабақшаға шабуыл жасады, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың Орталық теледидарына сілтеме жасап. Оқиға Бэйла қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00 шамасында болған (Нұрсұлтан уақыты бойынша 12:00). Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 бала мен екі тәрбиеші пышақ жарақатын алған, екі баланың жағдайы ауыр. Полиция күдіктіні ұстады. Шабуылға не себеп болғаны айтылмаған.