Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы жол апатынан қаза тапты
Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы жол апатынан қаза тапты
2009 жылдан бері Қазақстанның Түркиядағы (Невшехир) құрметті консулы болған Халил Улуер жұбайы Фатмамен бірге жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы хабарлады.
«Халил Улуер қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосып еді. Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар азамат еді», – деп жазды дипломат.
Халил Улуер пандемия кезінде Түркиядағы қазақстандық студенттерге көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын берген қамқоршылардың алдыңғы шебінде жүрген азамат болған.