Елімізде күн суытып, нөсер жаңбыр жауады

Елімізде күн суытып, нөсер жаңбыр жауады

Елімізде күн суытып, нөсер жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
Елімізде күн суытып, нөсер жаңбыр жауады. "Қазгидромет" синоптиктері 29 сәуір - 01 мамырға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
"Сондай-ақ, Қазақстан аумағында Скандинавия аудандарынан антициклонның енуімен ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде Қазақстанның бірнеше облысында найзағай мен қатты желдің салдарынан ескерту жарияланды.