Сот күйеуін атқан әйелді ақтады

Сот күйеуін атқан әйелді ақтады

Сот күйеуін атқан әйелді ақтады
ашық дереккөзі
Түрік соты қоғамда резонанс тудырған Мелек Ипекті босатты. Биыл қаңтар айында 30 жастағы Мелекті күйеуі бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, екі қызын өлтірем деп қорқытқан. Осыдан соң әйел күйеуін аңшы мылтығымен атып тастаған болатын. Балалары мен әйелдің көп жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып келгені анықталған соң Анталья соты бұл істе қылмыс құрамы жоқ, әйел өзін-өзі қорғады деп шешім шығарды. «Қандай жағдайларды бастан кешкенімді сөзбен айту мүмкін емес. Мен ешқашан күйеуімді өлтіремін деп ойлаған жоқпын. Мені қолдап, жанымнан табылғандарға алғысым шексіз», – деді Мелек Ипек. Өз кезегінде прокуратура әйелге алты жыл түрмеде отыру жазасын сұраған болатын. НПО We Will Stop Femicide мәліметтері бойынша өткен жылдың өзіне 300 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған.