Жаңа қаулы: Тағы бір қалада карантин қатаңдатылады

Жаңа қаулы: Тағы бір қалада карантин қатаңдатылады

Жаңа қаулы: Тағы бір қалада карантин қатаңдатылады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы санэпидбақылау департаментінің ресми сайтында өңірдің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша облыс орталығы – Тараз қаласында карантин күшейтіледі. Құжатқа сәйкес, қалада жаппай және отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, үй-жайларда және көлікте масканы міндетті түрде кию талап етіледі. Кеңселер мен ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылады. Жұмыспен қамту бөлімдері, банктер және "Қазпошта" бөлімшелері 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс. Қаулы 30 сәуірде күшіне енеді. Айта кетейік, соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың 69 жаңа жағдайы расталды. Аймақ инфекцияның таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта