Президент Қытай елшісімен әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылады

Президент Қытай елшісімен әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылады

Президент Қытай елшісімен әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Елшісі Чжан Сяомен екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкіндігін талқылады. 
"Екіжақты сауда және инвестициялық байланыстарды дамыту мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіруге, пандемиядан кейінгі кезеңде олардың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтты. Президент сондай-ақ азаматтар мен жүктердің тұрақты авиациялық тасымалдарын қайта бастауға болады деп есептейді",-деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Президент Қазақстанның жоғары деңгейдегі саяси байланыстарды нығайтуға, экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге әзір екенін растады. ҚХР – Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі. 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларға жетті.