«Nur Otan»: Түркістан өңірінде ел тілегі ескеріліп жатыр

«Nur Otan»: Түркістан өңірінде ел тілегі ескеріліп жатыр

«Nur Otan»: Түркістан өңірінде ел тілегі ескеріліп жатыр
ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылдың әлеуетін көтеру міндеті жүктелген.

«Nur Otan» партиясы «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының мүшесі, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Акмалжан Исаков Ақсукент ауылында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 10 отбасына азық-түлік таратты.

 width=

Сонымен бірге жалғызбасты ана, Ақсукент ауылының тұрғыны, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғынға көмек көрсетті. Депутат өзінің қаражатына жылу жүйесін, газ колонкасы мен жылыту қазандығын орнатып беріп, ардақты ананың алғысын алды.

 width=

Сайрам ауданындағы «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ауданда игі іс атқарылды. Жібек жолы ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшелері Г.Нұртанова, жеке кәсіпкерлерЖ.Еспенбетов, Р.Утешов, Т.Айтбаев, И.Анарметов, М.Урумбековтардың демеушілігімен аз қамтылған, көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған жалпы 40 отбасыға «Ауызашар қоржыны» таратылды.

Түркістан облысы, Келес аудандық мәслихатының депутаттары да қоғамдық қабылдауға келген ел тілегін ескеріп, қайырымдылықты қолға алған. Жас депутат Диас Әбдиев Біртілек ауылдық округі орталығындағы Береке көшесін жөндеу (шағал төсеу, жобалау, сыру, ретке келтіру) жұмысына демеушілік жасады

 width=

Келестік фракция мүшесі Мұхтар Амангелдіұлы Рамазан айының құрметіне 100 отбасына азық-түлік таратты.

Түркістан облысының тұрғындары игі іс атқарып жүрген депутаттарға ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға «NurOtan» партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаттары. 2021 жылдың 1 тоқсанында Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 410 жеке қабылдау өткізіп, 1139 тұрғынның өтініші мен талап-тілегін тыңдап үлгерді.