Коронавирус: еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймақта

Коронавирус: еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймақта

Коронавирус: еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймақта
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қатысты ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 28 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта орналасқан. «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары тұр. «Жасыл аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары енген. Кеше Шымкент қаласы мен Қостанай облысы «сары» аймақта тұрған. Бүгінгі мәліметпен Шымкент «қызыл», Қостанай «жасыл» аймаққа өтті.