Елімізде 32 мыңнан астам адам сотталған – ІІМ

Елімізде 32 мыңнан астам адам сотталған – ІІМ

Елімізде 32 мыңнан астам адам сотталған – ІІМ
ашық дереккөзі
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, еліміздегі 80 мекемеде 32 мың сотталған адам бар. «Қазіргі уақытта елде 80 мекеме бар, оларда 32 мыңнан астам адам қамауда отыр. Соның 25 мыңы сотталушы және 6,5 мыңы тергеу барысында тұтқынға алынған», – делінген ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысының барысында таратылған мәліметте. Әйелдер колониясында (6 колонияда) 2 244 адам жазасын өтеп жатыр. Естеріңізде болса, былтыр ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында соңғы 9 жылдың ішінде түрме отырғандардың саны 57 мыңнан 30 мыңға дейін төмендегенін хабарлаған еді.