Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады – Қазгидромет

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады – Қазгидромет

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» мамандары 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Антициклон әсерінен еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жаңбыр жаумайды, күн ашық болады. Қалған өңірде ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Салдарынан кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің кей жерінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрады. Павлодар облысында жел жылдамдығы түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Ақмола, түнде Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел екпіні -15-20 м/с.