Димаш Ниязов Головкиннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

Димаш Ниязов Головкиннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

Димаш Ниязов Головкиннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады
ашық дереккөзі
Нью-Йорк полициясының қызметкері әрі кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов (14-1-3, 6 КО) жаз айында шаршы алаңға қайта оралмақ, деп хабарлайды sports.kz. Белгілі болғандай, биыл 20 ақпан күні Майамиде өткен бокс кешінде төрешілер шешімі бойынша аргентиналық Джонатан Эрнан Годойды жеңген Димаш келесі кездесуін 14 тамызда Атланта (Джорджия штаты, АҚШ) қаласында өткізбек. Оның қарсыласы кім болатыны кейін жарияланады. Сондай-ақ, дәл сол кеште 2016 жылы Геннадий Головкиннен техникалық нокаутпен жеңіліп қалған америкалық боксшы Доминик Уэйд (20-1, 14 КО) те шаршы алаңға шықпақ, оның да қарсыласының есімі кейін белгілі болады. Десек те сарапшылар қос боксшының жұдырықтасып қалуы әбден мүмкін екенін айтады.