Жандарбек Бекшин Арбаттың жабылу себебін айтты

Жандарбек Бекшин Арбаттың жабылу себебін айтты

Жандарбек Бекшин Арбаттың жабылу себебін айтты
ашық дереккөзі
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Арбаттың жабылу себебін айтты. «Жаяу жүргіншілер аймағында, бірінші кезекте Жібек Жолы, Панфилов саябақтарында адам көп жиналатыны байқалады. Елде инфекция тарап жатыр. Тұрғындар Алмалы әкімдігіне шағымданып жатыр. Заңбұзушылық көп, оның ішінде тыныштықты бұзу және басқалары. Пилоттық жобада шектеу қандай нәтиже беретінін көруді ұйғардық», – деді Жандарбек Бекшин. Сонымен қатар Алмалы әкімдігі шектеу санитария тұрғысынан көшелерде тәртіп орнатуға, сондай-ақ халықтың жиналу жағдайларын тоқтатуға мүмкіндік бергенін айтты. «Осыған байланысты жақын арада Жібек Жолы көшесінде қозғалысты тоқтату жағын, сондай-ақ саябақтарға шектеу енгізу мәселесін қарастырамыз. Адамдар маска режимін сақтамайды, жастар 20-30 адамнан жиналады. Мұндай жағдайда коронавирус жұқтыру жағдайын тұрақтандыра алмаймыз», – деді ол. Бұған дейін, Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, құжатқа сәйкес демалыс күндері Арбат бойымен серуендеуге тыйым салынған.