Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз
ашық дереккөзі
«Қарыздар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек біздің бақылауымызда. Қарыз негізінен ыстық су мен жылуға. Бүгінгі күні тұрғындар ыстық су, жылу және электр энергиясы үшін шамамен 1,5 млрд теңге қарыз», – деді Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев. Биыл Алматының 17 шағынауданында 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерін салу жоспарда. Бұл орталықтандырылған сумен жабдықтауға 98,5% және су бұруға 85,9% қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2021 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қаражатының есебінен 270 шақырым электр желілерін қайта жаңарту көзделген. Сондай-ақ, жалпы құны 11,2 млрд теңге «Тұздыбастау» қосалқы стансасын салу және екі «Алмагүл» ҚС, «Каскад» ҚС аяқтау жоспарда.