Жаңалықтар

Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды

ашық дереккөзі

Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды

Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды. Істің мән-жайын полиция тексеріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде 19 жастағы жұмысшы мерт болғаны туралы хабар тарады. Алматы Қалалық Полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. «Сонымен қатар, аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», - деді Алматы Қалалық Полиция департаменті.