Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды

Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды

Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды
ашық дереккөзі
Алматыда құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы мерт болды. Істің мән-жайын полиция тексеріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде 19 жастағы жұмысшы мерт болғаны туралы хабар тарады. Алматы Қалалық Полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Сонымен қатар, аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», - деді Алматы Қалалық Полиция департаменті.