Семей полигонының радиация деңгейінен қауіп бар ма? – Энергетика министрлігі жауап берді
Семей полигонының радиация деңгейінен қауіп бар ма? – Энергетика министрлігі жауап берді
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2021 жылы Семей сынақ полигоны жерлерінің радиоактивті ластануын тексеруді аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2008 жылы ядролық сынақтардың полигон аумағына және оған жақын жерлерге әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Мамандар судың, ауаның, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жағдайын зерттейді. Зерттеудің кейбір әдістерін ҚР Ұлттық ядролық орталығы әзірлеген. Бүгінгі таңда полигон аумағының 90%-ға жуығы тексерілді.
Қоршаған орта жағдайының мониторингі қоршаған орта мен халықтың қауіпсіздігіне әсер ететін радиациялық жағдайдың теріс өзгерістерін уақытында анықтауға мүмкіндік береді.