Қырғыз Республикасының президенті елдің барлық аймағында казино ашуға тапсырма берді

Қырғыз Республикасының президенті елдің барлық аймағында казино ашуға тапсырма берді

Қырғыз Республикасының президенті елдің барлық аймағында казино ашуға тапсырма берді
ашық дереккөзі
Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров елдің барлық аймағында казино ашуды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Заң жобасына сәйкес, казиноны тек Ыстықкөл және Баткен облыстарында ашу ұсынылып отыр. Бірақ мен қазір аппаратқа депуттардың заң жобасына бүкіл елде, яғни Бішкек пен барлық облыс орталығында казино ашу ұсынысын енгізуді тапсырдым», - деді Садыр Жапаров.
Ол бұл идеяны неліктен ұсынып отырғанын да түсіндіріп өтті.
«Мен казиноларды қайта ашу идеясын неге қолдап отырмын? Заңға қырғызстандықтардың казиноға баруына тыйым салатын норма енгізуді ұсынамын. Казино тек шетелдік туристер үшін ғана жұмыс істейді. Қазіргі кезде экономиканың құлдырауы байқалып отыр, біз ел бюджетін толықтырудың кез келген жолдарын іздеуіміз керек. Онсыз жәрдемақы, жалақы, мемлекттік қарызды төлей алмаймыз», - деді қырғыз президенті.