Жаңалықтар

Доллар бағамы төмендеді

ашық дереккөзі

Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа өлшемді бағамы 2021 жылғы 27 сәуірде 11:00-де 429,34 теңге болды. 26 сәуірдегі деректермен салыстырғанда (1 доллар үшін 429,76 Теңге) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,42 теңгеге нығайды. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлады. Ұлттық Банктің 27 сәуірдегі ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 429,85 теңге. Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша белгіленеді.