Жаңалықтар

Алексей Цой елімізде індет жұқтыру көрсеткіші төмендегенін айтты

ашық дереккөзі

Алексей Цой елімізде індет жұқтыру көрсеткіші төмендегенін айтты

Елімізде коронавирус жұқтыру жағдайы қалыпқа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, наурыз айының соңы мен өткен аптада тіркелген көрсеткіштерді салыстырғанда елімізде коронавирус жұқтыру айтарлықтай төмендеді. "Әлемде коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар бойынша жағдай әлі де қиын. Әлемдік рейтингке сәйкес, 221 ел арасында Қазақстан ауру көрсеткіштері бойынша 108-орында тұр. Қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша 107-орында. Қазақстанда қауіпті аймақта 10 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары", - дейді министр.