Илон Маск Марсты бағындыру кезінде адам шығыны аз болмайтынын ескертті

Илон Маск Марсты бағындыру кезінде адам шығыны аз болмайтынын ескертті

Илон Маск Марсты бағындыру кезінде адам шығыны аз болмайтынын ескертті
ашық дереккөзі
Марсты бағындыру адам шығынынсыз болмайды, бірақ өз еркімен барғысы келетіндер де аз емес, - деді Tesla және SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск. "Басында адам шығыны көп болатыны анық. Жету оңайға соқпады. Біз ешкімді ол жаққа баруға мәжбүрлемейміз, барлығы ерікті түрде", - деп Маск американдық БАҚ-қа берген сұхбатында айтты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Ол қауіпке қарамастан, қызыл планетаға ұшқысы келетіндердің саны жоспарлағаннан да көп екенін айтты. Маск адамзат әртүрлі планеталарда өмір сүруге бейімделуі керек екеніне сенімді. SpaceX компаниясы Марсқа ұшу үшін 100 адамға арналған Starship ғарыш кемесін жасап жатыр. Оны 2030 жылға дейін Марсқа жіберу жоспарланған.