Нұр-Сұлтандағы "Алау" мұзайдыны жанында көлік қозғалысы шектетілді

Нұр-Сұлтандағы "Алау" мұзайдыны жанында көлік қозғалысы шектетілді

Нұр-Сұлтандағы "Алау" мұзайдыны жанында көлік қозғалысы шектетілді
ашық дереккөзі

27 сәуірде сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін "Алау" мұзайдыны (Қабанбай батыр, 47) аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб. Оқу-жаттығу кезінде көлік қозғалысы шектетіледі. "Азаматтарды өткізілетін оқу – жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген штаб хабарламасында.