Карантин: Тағы бір өңірде блокбекеттер қойылады

Карантин: Тағы бір өңірде блокбекеттер қойылады

Карантин: Тағы бір өңірде блокбекеттер қойылады
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында 1 мамырдан бастап карантин шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы 24.kz хабарлады. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері орынбасарының 26 сәуірдегі қаулысы бойынша Орал қаласы, сондай-ақ Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қазталов, Теректі және Шыңғырлау аудандарында блокпост қойылады. Блокпосттар арқылы халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық көрсеткіштер бойынша жүріп тұратындар, карантиндік стационарда емделушілер мен бақыланушылар, жүк тасымалдаушылар және транзиттік жолаушылар, ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік қүралдары кедергісіз өте алады. Сол секілді көктемгі далалық, табиғат қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы жұмыстары, жолдарды жөндеу, апаттық-құтқару қызметі, аса қажет тауарлар, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, жанар-жағар май жеткізушілер, барлық жүк тасымалымен, шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін құрал-жабдық, материалдармен айналысатын адамдар анықтамасы болған жағдайда кедергісіз өтеді. Тұрғылықты жеріне оралатын (бір отбасы мүшелері), саяжай үйлеріне, омарта, қыстаққа баратын, жақын туысқаны қайтыс болған адамдар, темір жол вокзалы, әуежай, автовокзалға билетті көрсету арқылы барып-қайтушылар аталған санатқа кіреді. Оған қоса облыс көлемінде «Ashyg» жобасы енгізіледі. Жасы 65-тен асқандарға аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерлерінен кетпеуге кеңес беріледі. Жерлеу шаралары кезінде 20-дан (отбасы мүшелері, туыстар) артық адамның жиналуына жол берілмейді. Басқа да карантиндік шектеу шаралары сақталады.