Шымкент қаласы жайлы тағы бір қызықты дерек анықталды

Шымкент қаласында ер адамдарға қарағанда әйел адам әлдеқайда басым екені анықталды. Бұл туралы «Отырар» телеарнасы хабарлады.

«Статистикаға сәйкес, Шымкентте әйелдер ер адамдардан көп болып шықты. Қалалық статистика департаменті 2021 жылдың басында нәзік жандылар саны 554 мың болғанын жеткізді. Бұл жалпы халықтың 51,6% құрайды. Ал ер адамдардың саны – 519 мың, бұл – жалпы қала халқының 48,4%» – делінген ақпаратта.

Тұрғындардың жалпы санына келетін болсақ, бұл көрсеткіш 1 миллионнан асты. Департамент 2021 жылдың басында Шымкент қаласының тұрғындарының саны 1 074,5 мың адамды құрағанын хабарлады.

Back to top button