Қарағанды көшелері қайнаған суға толды

Қарағанды көшелері қайнаған суға толды

Қарағанды көшелері қайнаған суға толды
ашық дереккөзі
Қарағандының оңтүстік-шығысында бірнеше көше қайнаған суға толды. "Теплотранзит Караганда" ЖШС жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарағанды тұрғындары теннис орталығы маңында түсірілген бейнежазбаларды жариялайды. Бейнежазбадан ыстық су басқан көшемен жүріп келе жатқан автомобильдерді байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, қайнаған су мен бу көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, жол бойында отырғызылған жас қарағайларға да зиян келтіреді. "Теплотранзит Караганда" ЖШС баспасөз қызметі болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Қазіргі уақытта мәселені реттестіру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада сол жерде қалдық суды сорып алатын ассенизаторлық машина іске қосылады", - деді "Теплотранзит Караганда" ЖШС баспасөз қызметі.