Жаңалықтар

2000 дәрігердің індет жұқтыруына себеп болған «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысына тағы айып тағылды

ашық дереккөзі

2000 дәрігердің індет жұқтыруына себеп болған «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысына тағы айып тағылды

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 3-тармақтың 4-бөлігі және 287-баптың 2-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қаралып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ Прокурор Дастан Купербаев "СК-Фармация" экс-басшысының заңсыз әрекеттеріне байланысты Қазақстанның екі мыңнан астам дәрігері коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Мемлекет оларға өтемақы төледі. "СК-Фармацияның" экс-басшысы 2020 жылғы тамызда ұсталған болатын.