Универсиада-2017 еріктілерін іріктеу басталды

Универсиада-2017 еріктілерін іріктеу басталды

Универсиада-2017 еріктілерін іріктеу басталды
ашық дереккөзі
Қазақстанда 2017 жылы өтетін 28-ші қысқы Универсиадаға еріктілерді іріктеу басталды. Шараға барлығы 3 мың адамды іріктеу жоспарланған. Универсиада кезінде еріктілер 30 функционалды бағытта жұмыс атқарып, Алматыға келген спортшыларға, бапкерлерге, делегаттарға және туристерге қажетті қызмет көрсетеді. «Универсиадаға дайындық барысында еріктілерді тренингтерден өткізіп қана қоймай, олардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту үшін түрлі командалық ойындар ұйымдастырамыз. Еріктілерді тартуға қазақстандық актерлар мен шоу-бизнес өкілдері көмектесуде», деді 2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Камила Лұқпанова. Дирекцияның мәліметінше, 2017 жылғы Универсиадаға Ресей, Германия, Беларусь, Польша, Корея, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Қырғызстаннан халықаралық еріктілер ерекше қызығушылық танытуда. «2017 жылғы Универсиада кезінде 100 халықаралық еріктіні жұмылдыруды жоспарлаудамыз. Олардың барлығы кез-келген ауа-райына арналған спорттық киіммен, тамақпен, ұялы байланыспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қалада көлікпен еркін жүруге мүмкідік алады. Ерікті болуға ниеті бар кез-келген адам almaty2017.com сайтына кіріп, сауалнама толтыра алады», деп атап өтті К. Лұқпанова.