Әблязов пен Храпуновтың ісін АҚШ соты қарайтын болды

Әблязов пен Храпуновтың ісін АҚШ соты қарайтын болды

Әблязов пен Храпуновтың ісін АҚШ соты қарайтын болды
ашық дереккөзі
Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың ісі сотта қаралсын деп қаулы етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің сайтына сілтеме беріп.
"2021 жылғы 29 наурызда АҚШ Округтік сотының судьясы Элисон Нейтан Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың өтінішін қабылдамай, барлық төрт талапты (заңсыз иемдену; негізсіз баю; меншік құқығы және Нью-Йорктің азаматтық практикасы туралы ережелері мен § 5239 заңына сәйкес талап қою) сотқа жіберуге рұқсат берді. Судья Нейтан ұсынылған мағлұматтардың қомақты тізімін мұқият зерделеудің негізінде Triadou-дың АҚШ-қа инвестициялаған қаражатын Мұхтар Әблязовтың ұрлағанын, кейіннен оларды АҚШ-та Ілияс Храпуновтың және басқалардың әдейі жылыстатқандығын растайтын "елеулі дәлелдемелердің" бар екенін атап өтті", - делінген хабарламада.
Пандемия шектеулеріне байланысты соңғы сот отырысының нақты күні өтетіні кейінірек белгілі болады.