Жараланғандар бар. Алматы облысында тағы атыс болды

Жараланғандар бар. Алматы облысында тағы атыс болды

Жараланғандар бар. Алматы облысында тағы атыс болды
ашық дереккөзі
Алматы облысында тағы атыс болды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. Төтенше жағдай Қарасай ауданының Шалқар ауылында болған.
- Кеше Алматы мен Түркістаннан шу шығып жатқанда, біздің ауданымызда да осы сияқты оқиға болды. Кеше түнде мылтық атылды. Бір адам зардап шекті, қазір оның жағдайы ауыр, аяғын ампутациялауға тура келді. Бейресми мәліметтерге сәйкес, полиция күдіктіні әлі де іздеп жатыр, - деп жазылған kaskelen.kz порталында.
Күдікті Мадалиев Абылай Ержанұлы 1992 жылы туған. Ол бөтен аулаға кіріп,12 рет оқ атқан. Нәтижесінде 1959 жылы туған азамат жарақат алып, аяғынан айырылған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті бұрын есірткі қолданғаны үшін сотталған.