Нұр-Сұлтанда 1 триллион теңгеге теңдессіз туристік кешен салынбақ

Нұр-Сұлтанда 1 триллион теңгеге теңдессіз туристік кешен салынбақ

Нұр-Сұлтанда 1 триллион теңгеге теңдессіз туристік кешен салынбақ
ашық дереккөзі
Туристік кешеннің ауданы 2,6 млн шаршы метр, құрылыс аумағы 333 гектар. Жобаның бір бөлігін 2022 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  width= Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы көпфункционалды туристік кешеннің құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді. Нысан "Астана — жаңа қала" АЭА аумағында ("Барыс Арена" мұз сарайының батысында) орналасқан. "Жобаның инвесторы БАӘ-ден келген девелопер — Ellington Properties Development LLC компаниясы, бас мердігері — Renaissance Construction.
Жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Кешеннің ауданы – 2,6 млн шаршы метр, құрылыс аумағы – 333 гектар", – деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Мұнда 15 мың шаршы метр аквапарк, ойын алаңдары, саябақтар, террасалар, кеңселік және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және т. б. орналасатын болады.
"Жобаның бір бөлігі (29 гектар) 2022 жылдың соңында пайдалануға беріледі. 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды", - делінген хабарламада.