Елбасы Александр Бацуланың қазасына орай көңіл айтты

Елбасы Александр Бацуланың қазасына орай көңіл айтты

Елбасы Александр Бацуланың қазасына орай көңіл айтты
ашық дереккөзі
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Бацула Александр Ефимовичтің қазасына орай көңіл айтты, – деп жазды Elbasy.kz. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прездиенті бұрынғы Қазақ КСР қаржы министрі Александр Бацуланың қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қарапайым есепшіден Қазақ КСР қаржы министріне дейінгі үлкен еңбек жолынан өткен ол осы саланың дамуына елеулі үлес қосты. Мен Александр Ефимовичті республиканың Министрлер Кеңесіндегі бірлескен жұмысымыздан жақсы танимын. Ол жоғары кәсібилігімен, терең біліктілігімен, бір беткейлігімен, жақсы адами қасиеттерімен ерекше еді. Александр Бацуланың жарқын бейнесі оны таныған адамдардың есінде мәңгі сақталмақ», – делінген жеделхатта.