Павлодарда автобус жүргізушінің салғырттығынан қарт кісінің қабырғасы сынған

Павлодарда автобус жүргізушінің салғырттығынан қарт кісінің қабырғасы сынған

Павлодарда автобус жүргізушінің салғырттығынан қарт кісінің қабырғасы сынған
ашық дереккөзі
Зейнеткердің жарақаты қоғамдық көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін елемеуінің салдары болды, деп хабарлайды Павлодар-онлайн. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Қария автобуста келе жатқанында, қиылыстардың бірінде жүргізушінің күтпеген жерден тежегіш басқанын айтып шағымданды. Қарт кісі жерге құлаған", — деді Павлодар облыстық полиция департаменті.
Солайша зейнеткердің қабырғасы сынған. Полиция бұл факт тіркелгенін, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын қосты.