«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына тағы бір айып тағылды

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына тағы бір айып тағылды

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына тағы бір айып тағылды
ашық дереккөзі
Елордада «СҚ-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріпке қатысты сот талқылауы өтіп жатыр. «СҚ-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріпке қатысты қылмыстық істің басты сот талқылауы Есіл ауданының №2 аудандық сотында бүгін басталды. Берік Шәріпке ҚР ҚК-нің 361-бабының (Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану) 4-бөлігі 3-тармағы, 287-бабының (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр», – деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.