Таразда нан қымбаттады

Таразда нан қымбаттады

Таразда нан қымбаттады
ашық дереккөзі
Тараз қаласында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады, қазір дүкендерде 90 теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты өндірістегі жағдай тексерілген. Мамандар бұл жолы қымбаттауға негіз бар деген шешімге келіп отыр. Бағаның өсуіне солтүстік өңірдегі бидай мен 1-сұрыпты ұнның қымбаттауы әсер еткен. Бидай 75-тен 95-ке, ал ұн 110-нан 125 теңгеге дейін өскен. Соңғы екі жылда нан бағасын ұстау мақсатында наубайханаларға тұрақтандыру қорынан 3,5 мың тонна ұн төмен бағамен беріліп келген. Соның арқасында аймақта 2 жыл бойы нан құны 85 теңгеден аспады. «Облыста өндірілетін бидай сапасы сәйкес келмейтіндіктен нан бағасы солтүстік өңірден сатып алынатын ұн және бидай бағасына тәуелді болып отыр. Алдағы уақытта нан бағасы 90 теңге болады. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұратылып, нан бағасын ұстау мақсатында тиісті жұмыс атқарамыз», – дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлебек Құлекеев.