Біртановты министрлікке жұмысқа аласыз ба – Алексей Цой жауап берді
26 сәуір, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Біртановты министрлікке жұмысқа аласыз ба – Алексей Цой жауап берді
Бүгін тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға тілшілер Елжан Біртановқа қатысты сұрақ қойды.
«Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға және жұмыс істеуге рұқсат берді. Оны Денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа қабылдайсыз ба?», – деген тілшілердің сауалына Алексей Цой: «Бұл ақпараттан хабардармыз. Білуімізше, қазіргі уақытта ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр», – деп жауап берді.