Елімізде әрбір 20-шы адам вакцина алды – министр

Елімізде әрбір 20-шы адам вакцина алды – министр

Елімізде әрбір 20-шы адам вакцина алды – министр
ашық дереккөзі
Бүгін, 26 сәуірде халықты коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын егу басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусқа қарсы вакцина тапшылығы болмауы тиіс екенін айтты. «Вакцина қай уақытта жеткізілетініне қатысты Қазақстанның әр өңірі бойынша нақты кесте бар. Күні кеше ғана Батыс Қазақстанға вакцина жеткізілді және күн сайын, екі күнде бір рет жаңа партиясы жеткізіліп отырады. Сондықтан айтарлықтай тапшылық орын ала қоймауы керек. Ең бастысы, азаматтарымыз вакцинаның қауіпсіз, тиімді екендігіне көз жеткізді. Ол антидене титрін көтеретіндігін көрді және туған-туыстарына өзін, жақындарын қорғау үшін вакцинациядан өтуге кеңес беруде», – деді министр. Ведомство басшысының дерегінше, бүгінде әрбір 20-шы қазақстандық вакцина алды. Яғни, вакцинация қарқыны жақсы өтіп жатыр. «Біздің міндетіміз – мүмкіндік беру. Ал одан кейін азаматтар вакцина алуды өздері таңдап, оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін түсініп отыр», – деді А.Цой.